Гиннестің Рекордтар кітабының мәліметі бойынша әлемдегі ең кішкентай адам - қытайлық Хэ Пинпин 22 жасына қараған шағында дүниеден озды. Ол танымал телебағдарламаға қатысу үшін Италияға барған сапарында қайтыс болған.
Дәрігерлердің алдын ала анықтамасы бойынша, оның өліміне жүрегіндегі кінәрат себеп болған. Пинпин сенбі күні қайтыс болғанымен нақты ақпарат тек дүйсенбі күні кешке жарияланды. Әлемдегі ең кішкентай адамның туыстарының өтініші бойынша, марқұмның денесі Қытайға жеткізілмек.
Хэ Пинпиннің бойы небәрі 74,5 сантиметр еді. Енді жер бетіндегі ең тапал адам атағынан бойы 56 сантиметрді шамалайтын непалдық Хагендра Тапа Магр үмітті. Осыдан 4 жыл бұрын непалдықтың әлемдік рекорды тіркелмеген еді, себебі ол кезде небәрі 13 жаста болған жасөспірім әлі өсуі мүмкін екендігі айтылған еді.