Қазақстанның санитарлық авиация паркі жаңартылмақ

Сейсенбі күнгі үкімет отырысында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырауына байланысты санитарлық авиация паркін жаңалауды тапсырды.

"Біз тікұшақтармен дереу көмек көрсете алуымыз үшін тікұшақтар техникасын жаңалау мақсатында дәл қаншасын сатып алу қажеттігін анықтауымыз қажет", - деді ол.

Бұған қоса Кәрім Мәсімов алғашқы медициналық көмек көрсететін мобильді бөлімшелер құруды тапсырды. Ол бас-аяғы екі аптаның ішінде "жедел түрде осы қажеттілікті санап, бұл мәселені тез арада шешуге" тапсырма берді. Бұл тапсырмаға Қазақстан үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев жауапты болады деп белгіленді.