Жамбыл облысындағы мектеп пен шахтаны тасқын су басып қалды

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданынының Ақбақай ауылындағы орта мектепті және соған жақын жерде орналасқан шахтаны тасқын су басып қалды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлады.

Көктемгі жаңбыр мен қардың еруінің салдарынан көтерілген судан үш қабатты мектептің қабырғалары жарылып, іргетасы отырған. Сонымен бірге, ауыл маңындағы "Ақбақай тау-кен металлургиялық комбинаты" акционерлік қоғамына қарасты шахтаны су басып қалды.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген.