Павлодардағы балабақшада 49 бала тамақтан уланып қалды

Павлодар қаласындағы балабақшалардың бірінде үш пен бес жас аралығындағы 49 бала тамақтан уланды деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Интоксикация белгілері байқалған науқас балалар сейсенбі күні облыстық инфекциялық ауруханаға түскен. «Олардың бәрі қаладағы № 53 балабақшадан екендігі анықталды».

18 бала ауруханаға жатқызылды, қалғандары стационарлық емнен бас тартты.

Санэпидембақылау қызметкерлері санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді деп хабарланды.