Ең "арзан" несие АҚШ пен Жапонияда беріледі

АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі немесе Орталық банкі өзі беретін несиесінің пайыздық қайтарылымының көрсеткішін (ставкасын) жылына 0-ден 0.25 пайыз мөлшерінде қалдырды. Бұл көрсеткіш АҚШ-та пайыздық қайтарылым 1 пайыздан да төмендетілген 2008 жылдан бері жалғасып келеді.

Ал Жапонияның Ұлттық банкі де несиенің 0.1 пайыз болатын базалық қайтарылымын өзгертпеді. АҚШ сияқты Күншығыс елі де несиенің базалық ставкасын 2008 жылдың желтоқсанында 0.3 пайыздан да төмен түсірген болатын.

Салыстырсақ, еуро-аймаққа кіретін ЕуроОдақтың 16 елінде несиенің базалық қайтарылымы 1 пайыз болса, ал Ресейде – жылына 8.5 пайызды құрайды.