Шығыс Қазақстан облысында 60 үй су астында қалды

Шығыс Қазақстан облысының Қарауыл ауылындағы 60 жеке үйді тасқын су басып қалды, 200-ге жуық кісі эвакуацияланды деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Кеше кешкісін Қарауылдың жоғарғы жағындағы қолдан жасалған бөгет арнасынан толып, қарқын су төмен жатқан ауылды басып қалған.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеді деп хабарланды.