Израиль әуе күштері Газа секторын атқылады

Израилдік әскери ұшақтардың Газа секторына жасаған жұма күнгі соққыларынан екі кісі жараланды.

Алты нысанды көздеген бұл шабуылдар кешегі Газа секторы аумағынан атқыланған зымырандарға жауап ретінде жасалды. Соққыдан тайландтық бір жұмысшы қаза болды.

Шабуылдарды палестиналық бұған дейін белгісіз "Ансар ас-Сунна" тобы мойнына алды.