Бішкекте оппозициялық белсенділер ұсталды

Қырғызстандағы оппозициялық партия жұма күні Бішкекте үш белсендісінің қамауға алынғандығын хабарлады. "Азаттық" радиосының қырғыз қызметіне «Ақ Сұңқар» партиясының баспасөз хатшысының айтуынша, әлгі белсенділер наурыздың 23-не жоспарланған қоғамдық жиын туралы партияның хабарламасын таратып жатқан болатын, дәл сол кезде полицейлер келіп оларды тұтқындаған.