Еуропа Одағы басып алынған Шығыс Иерусалимде қоныстарды кеңейту жөніндегі Израильдің жоспарын айыптап отыр. Бұл аймақта еврейлерге арналған үйлер салу жоспары бейбітшілік туралы халықаралық әрекеттерге кедергі жасайды дейді ЕуроОдақ басшылығы. Испания сыртқы істер министрі Мигель Ангел Моратиностың мәлімдеуінше, Еуропа Одағы Израильден қоныстарды кеңейту жөніндегі барлық әрекеттерін тоқтатуды талап етеді. ЕуроОдақ осы саясатты ұстанады деді Моратинос.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху Шығыс Иерусалимде үй құрылысына шектеу қойылмайды деп жариялаған болатын.
Финляндия сыртқы істер министрі Александр Стабб "мұны мүлдем қабылдауға келмейді" деп атап көрсетті. Британия сыртқы істер министрі Дэвид Милибэндтың айтуынша, Израильдің қоныстарды кеңейту әрекеттері заңсыз боп табылады.