Ауғанстанда қар көшкінінен 35 адам қаза тапты

Ауғанстан ресмилерінің хабарлауынша, елдің солтүстік-шығысындағы таулы аймақта болған қар көшкінінен қаза тапқандар саны 35-ке жетті. Бадахшан провинциясындағы табиғат апаты екі апта бұрын болған.

Ресмилер шалғайда жатқан қар басып қалған бұл аймаққа 13 күн дегенде жеткендерін айтып отыр. Провинциялық үкімет өкілі Маруф Расих қар көшкіні Файзабад аймағына жете қойған жоқ деді.