Ауғанстан мен Қытай экономикалық келісімдерге қол қойды

Ауғанстан мен Қытай ауған экономикасын күшейтуге және елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жаңа келісімдерге қол қойды. Қол қою рәсіміне екі елдің президенттері қатысты. Жаңадан жасалған келісімдер экономикалық ынтымақтастық пен техникалық жаттығуларды сондай-ақ Қытайға экспортталатын ауған тауарларына қатысты жеңілдіктер ұсынуды қамтиды. Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай Бейжіңде Қытай президенті Ху Жинтаомен кездескен болатын. Қытай жетекшісінің мәлімдеуінше, екі жақ ортақ мүддеге жататын халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылаған. Олар сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік пен Қытай инвестициясына қатысты мәселелерді көтеруі тиіс болатын. Ауған президентімен бірге Қытайға 20-ға жуық бизнес өкілдері барды.