Ресейде газ жарылысы құрбандарының саны өсті

Ресейде газ жарылысынан құрбан болғандардың саны 4-ке жетті. Жексенбі күні тағы бір адамның денесі табылды.

Сенбі күні Мәскеудің шетіндегі Павловская Слобода ауылындағы үшқабатты үйде газ жарылып, ғимараттың бір бөлігі қираған болатын.