Шығыс Қазақстанда 1180 үй су астында қалды

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан 1180 үй су астында қалды, соның 520-сы құлады деп хабарлады ҚазТАГ.

Дүйсенбі күні Астанада өткен үкімет отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев табиғат апатының салдары туралы баяндама жасады. Сапарбаевтың хабарлауынша, аймақта су тасқынынан шамамен 50 мыңға жуық мал шығынға ұшыраған.