АҚШ-тың ядролық материалы Үндістанда өңделеді

АҚШ пен Үндістан үнді кәсіпорындарында Американың қолданыстан шыққан ядролық отынын өңдеудің шарттары бойынша келісімге келді.

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде шегелеп көрсетілгендей, бұл келісім ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы АҚШ пен Үндістан арасында 2008 жылы қол қойылған құжатты жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам болды.

Осы келісім-шартқа сәйкес, АҚШ-тан келетін ядролық материалдарды МАГАТЭ-нің бақылауымен Үндістан өңдейтін болады.