Ресей Мәскеудің метро желісіндегі жарылыстардан құрбан болғандарды жерлеуде.
Дүйсенбі күні 39 адамның өмірін қиған шабуылдарға байланысты жауапкершілікті шешен бүлікшілерінің жетекшісі Доку Умаров өз мойнына алды. Исламшыл вебсайтта жарияланған бейнетаспада Умаров Мәскеудегі екі жанкештілік жарылыстың Ресей қауіпсіздік күштерінің қарапайым шешен азаматтарына жасаған қылмыстарына жауап ретінде жүзеге асырылғандығын мәлімдеді.
Сәрсенбі күні Дағыстанның Кизляр қаласында екі жанкештілік жарылыс орын алды, 12 адам қаза тапты. Премьер-министр Владимир Путиннің айтуынша, Мәскеу мен Кизлярдағы шабуылдарды бір топ жоспарлаған болуы мүмкін.