24 ирақтықты өлтіргендер АҚШ әскері сияқты киінген

Ирақтың қауіпсіздік ресмилері жұма күні қарулы топ 24 адамды атар алдында өздерін американ әскерлері сияқты көрсеткен деді.

Генерал-майор Қассим Аттаның айтуынша, американ әскерилерінің формасын киіп алған қарулылар ағылшын тілінде бірнеше сөздер айтып, өздерін американдық күштер сияқты танытуға тырысқан.

Ауыл тұрғындарын өлтірген оқиғаға қатысты күдіктелген 25 адам қамауға алынды. Қазақ тапқандар Ирақтағы әл-Қаидаға қарсы күресіп келген сүнниттік топпен байланысты болғандар. Ирақ билігі бұл қырғын үшін әл-Қаиданы айыптап отыр.