Тасқын салдарынан Қазақстанның шығысындағы көпірлердің бірі құлады

Шығыс Қазақстан облысында нөсер жаңбыр мен ауа райының күрт жылынуына байланысты, Боғас өзеніндегі жарылған мұздар ондағы көпірдің ортасындағы тіреуішін бұзып кеткен. Сондай-ақ көпірдің екі арқалығы құлап түскен. Осыған байланысты Қарағанды – Аягөз – Боғас автожолының Тарбағатай – Ақсуат учаскесінің 794-900 шақырымы аралығындағы барлық көлік құралдарына қозғалыс шектелді деп хабарлайды Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы жерде айналма жол салу мен уақытша көпір құрастыру жұмыстары жүргізілуде.