Пешауарда АҚШ консулдығы жанында жарылыстар болды

Пәкістанның солтсүтік-батысындағы Пешауар қаласында АҚШ консулдығы жанында қатарынан 4 бомба жарылды. Хабарларға қарағанда, атыстар да болған көрінеді. Бұл шабуылдардан кемінде бір адам жараланды деп хабарланып отыр.