Америка шахтасындағы апаттан 12 адам опат болды

Батыс Вирджиния штатындағы шахтада болған жарылыстан 12 кенші қаза тапты. Тағы 10 адамға қатысты әзірге ешқандай ақпарат жоқ.

Жарылыс дүйсенбі күні штаттың орталығы - Чарлстон қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан шахтада болды.