Премьер-министр Гордон Браун Букингем сарайында патшайымға кіріп, парламентті таратып, жаңа сайлауды тағайындауға рұқсат сұрады. Британ патшайымы ұсынысты қабылдап, сайлауды 6 мамырға тағайындауға келіскен.
Гордон Браун үкімет мүшелері алдында сайлаудың ресми мерзімін жариялады. Өз сөзінде ағылшын премьері сайлаушыларды экономикаға жан бітіру мен әлеумет саласындағы реформаларды аяғына жеткізу үшін өзін қолдап дауыс беруге шақырды.
Сарапшылардың атап көрсетуінше, үгіт-насихат науқанының басты үндеуі - экономика мен иммиграция проблемасы және денсаулық сақтау саласын реформалау болады. Ағылшын тарихында тұңғыш рет тікелей телеэфирде ірі саяси партиялардың жетекшілері пікірталастырады.
Қоғамдық сауалнамаға қарағанда, сайлау қарсаңында оппозициядағы Консервативтік партияны қолдаушылар басымырақ.