Евгений Жовтис туыстарымен 3 күн бірге болады

Сейсенбі күні Өскеменде адам құқын қорғаушы Евгений Жовтистің ісі бойынша облыстық соттың апелляциялық мәжілісі өтуге тиіс. Оның қарсаңында Жовтиске өзінің туыстарымен қоныс-колониясынан тыс ұзақ – 3 тәулік көрісуге рұқсат берілді.

«Время» газетінің хабарлауынша, қоныс-колониясында отырған тағы бір адам, «Время» газетінің тілшісі Тоқнияз Күшіковке де ауыр халімен ауруханаға түскен анасымен көрісу үшін демалыс берілді.

Өткен жұма күні Тоқнияз Алматыдағы үйіне жетті.