Украина Қазақстандағы газ көздерін игеруге мүдделі

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада украин әріптесі Виктор Януковичпен өткізген баспасөз-маслихатында «мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, Украинаның мұнай өңдеу зауыттарына қазақ мұнайын тасымалдау және қазақ мұнайының Украина жері арқылы өтетін транзитін жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігін талқылағанын» мәлімдеді.

Өз кезегінде В.Янукович таяу арада Украина қазақ жеріндегі газ көздерін игеру жобаларына қатысу мүмкіндігіне қол жеткізе алады деген үмітін айтты.

Украина президенті В.Янукович Астанаға сәрсенбі күні ұшып келді.