Исмаил Исаков босатылды

Бүгін түнде Әзімбек Бекназаров бастаған оппозицияның біріккен делегациясы, 8 жылға сотталған Қырғызстанның бұрынғы қорғаныс министрі генерал Исмаил Исаковты босатты. Бұл туралы «Азаттыққа» Әзімбек Бекназаров хабарлады. Исмаил Исаков Бішкектің маңындағы Жаңы-Жерде орналасқан қатаң режимдегі колонияда мерзімін өтеп жатқан болатын.

Қырғыз оппозициясы белсенділерінің бірі Эмил Қаптағаев телеарна арқылы сөйлеген сөзінде, генералдың әскерилер арасындағы атақ-абыройы елдегі жағдайды қалпына келтіруге көмектесетіндігін, сондықтан оның жуық арада қорғаныс ведомствосын басқаратындығын мәлімдеген еді.

Әзімбек Бекназаровтың айтуынша, Бішекек маңындағы колонияның басшылығы генералды босатуда ешқандай қарсылық көрсетпеген.