Сербия Косовоның тәуелсіздігін мойындамайды

Сербия президенті Борис Тадис ел астанасы Белградта АҚШ дипломаттарымен кездесуі барысында, өзінің Косовоның егемендігін ешқашан мойындамайтындығын мәлімдеді.

АҚШ бас хатшысының орынбасары Джеймс Стейнбергпен кездесуі барысында ол, Сербия Косово мәселесінің әлі де талқылануын күтіп отырғандығын, нәтижесінде екі жақтың да есесін жібермейтін шешімнің қабылданатындығына сенім білдірді.

2008 жылы Косово Сербиядан бөлініп, өз тәуелсіздігін жариялғаннан кейін АҚШ пен бірқатар еуропалық елдер жаңа мемлекетті мойындаған болатын.