Польша президенті мінген ұшақ апатқа ұшырады

Бүгін Польша президенті Лех Качиньский мен оның жұбайы отырған жеке ұшақ Смоленскіге бара жатқанда апатқа ұшырады.

Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады. Төтенше оқиғаның егжей-тегжейлі мәліметтері әлі толық түспеді. Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің алғақшы деректеріне қарағанда, әуе ұшағының апатынан 87 адам қаза тапты.

Качиньский Ресейдің Смоленск аймағындағы Катынь еске алу кешеніне бара жатқан.