Венгрияда парламенттік сайлаулар өтуде

Бүгін венгриялықтар жалпыұлттық сайлауларға қатысып, онда “Фидес” оңшылдар партиясы билікке қайта келуі мүмкін делініп отыр.

Сауалнамалар нәтижесі көрсеткендей, соңғы 8 жыл бойы оппозицияда болған бұрынғы үкімет басшысының “Фидес” партиясы 60 пайыздан артық қолдау алып, сайлауда жеңіске жету мүмкіндігін көрсеткен.

Виктор Орбанның партиясы сайлау алды науқанында Венгрияны рецессиядан шығаратын, жұмыс орындарын құру, салықты азайту, жемқорлықты ауыздықтау сияқты істер жасауға уәде берген.