Польша мен бірқатар мемлекеттер аза тұтуда

Польша президенті Лех Качиньскидің денесі жексенбі күні Смоленскіден Варшаваға жеткізілді. Жерлеу рәсімінің күні әлі белгіленген жоқ, дегенмен сейсенбі күні президент сарайында марқұммен қоштасу рәсімі өтеді.

Еуропадағы бірқатар мемлекеттер, сондай-ақ Ресей елі 12 сәуірді – аза тұту күні деп жариялады.