Қазақстан АҚШ әскери ұшақтарына өз әуе кеңістігін беріп отыр

Қазақстан Ауғанстанға аттанған АҚШ әскери ұшақтарына өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат берді. Тиісті келісімге екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама сәуірдің 11-күні қол жеткізді.

АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Макфолдың мәлімдеуінше, бұл қаржы мен уақытты үнемдеуге септігін тигізбек.