Қазақстан азаматтарына мемлекеттік тілді еркін меңгеруге 10 жыл уақыт берілді

Енді 10 жылдан кейін Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілінде еркін сөйлеуі тиіс. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Қазақстанның премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

«Тіл мәселелері бойынша мемлекеттік тілді дамыту туралы нақты бағдарлама даярлау керек. Атап айтқанда, онда биылғы жылы, алдағы жылы, сондай-ақ 10 жылдан кейін не істейтіндігіміз туралы барлығы қарастырылуы қажет», - деді премьер-министр.

«10 жылдан кейін еліміздің әрбір азаматы қазақ тілінде еркін сөйлеуі тиіс. Бұл - біздің мақсатымыз» деп атап өтті Мәсімов.