Данияр Үсеновке іздеу жарияланды

Бішкектің Бірінші май аудандық соты 7-сәуірде Үкімет үйінің жанында азаматтардың жаппай қаза болуына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында бұрынғы премьер-министр Данияр Үсенов, Жаныш Бакиев, Бакыт Калыев, Мурат Суталинов және Марат Бакиевтерге іздеу жариялап, оларды тұтқындау туралы шешім шығарды. Бұл туралы бүгін Қырғызстанның бас прокуратурасы мәлімдеді.