Нұрсұлтан Назарбаевқа Бейбітшілік сыйлығы берілді

Вашингтонда ядролық қауіпсіздікке арналған ғаламдық саммит аясында, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Шығыс-Батыс» институты тағайындаған Бейбітшілік және превентивті дипломатия сыйлығы тапсырылды деп Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шығыс-Батыс» институты 1980 жылы халықаралық қатынастарда «қырғи-қабақ» соғыстың келеңсіз салдарларын еңсеру, еуроатлантикалық аймақта шиеленісті бәсеңдету, азаматтық қоғам құндылықтарын алға жылжыту мақсатымен құрылған болатын.

АҚШ-тың ең беделді наградаларының бірі болып саналатын Бейбітшілік және превентивтік дипломатия сыйлығы бұған дейін АҚШ президенті үлкен Джоржд Буш, Чехия президенті Вацлав Гавел, Германия канцлері Гелмут Коль және басқаларға тапсырылған.