Кұрманбек Бакиевтің күзеті күшейтілді

Сузак ауданының Теиіт ауылындағы Құрманбек Бакиевтің күзеті күшейтілді деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Оның айтуынша, ауылға кірер жолда қарулы күзет бекеті қойылып, 6-7 адам ауылға «бөтендерді» кіргізбеуде.

Бүгін Жалал-Абадта уақытша үкіметті жақтаушылардың құрылтайы өтеді. Онда сәуірдің 6-7 күндері Құрманбек Бакиевтың жасаған іс-әрекеттеріне саяси баға берілмек. Бұл туралы хабарлаған уақытша үкіметтің мүшесі Әзімбек Бекназаров, дәл осындай құрылтай Ошта да өтетіндігін айтты.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстандағы толқулардан 85 адам қаза болған.