Қытайдағы зілзаладан жүздеген адам құрбан болды

Қытай мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің солтүстік-батысында орын алған зілзаладан 300 адам қаза тапты. Хабарларға қарағанда, жер сілкінісінен 8 мың адам жараланған.

АҚШ геологиялық зерттеулер орталығының мәліметінше, Цинхай өлкесіндегі жер сілкінісінің күші Рихтер көрсеткіші бойынша 6.9 балға жеткен.