Қытайда зілзала құрбандарының саны өсе түсті

Қытай билік орындарының хабарлауынша, бүгін елдің таулы аймағындағы Цинхай өлкесінде орын алған жер сілкінісінен 400-ге жуық адам қаза тапқан. Рихтер көрсеткіші бойынша 6.9 балға жеткен зілзаладан сондай-ақ 8 мың адам жараланған.

Құтқару жұмыстары жүріп жатыр.