Ресей полициясы оппозициялық басылымды тексерді

Ресей полициясы оппозициялық басылымның кеңселерінде бүгін рейд жүргізді. "The New Times" журналының редакторы Евгения Албацтың хабарлауынша, бұл тексеру жұмыстары заңға қайшы келеді.

Мәскеу қалалық полициясының баспасөз хатшысы рейд туралы өзінде мәліметтің жоқтығын айтты.

Арнайы ОМОН полициясындағы заңбұзушылықтар туралы бірнеше мақала жазған "The New Times" басылымына қатысты таяуда тергеу ісі басталған болатын.