Грозный қаласының лицейіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріліп, мектеп фойесінде Қазақстан президентінің кеуде мүсіні орнатылды, деп хабарлады Шешен Үкіметінің және президентінің баспасөз қызметі.
Лицейдің есімін өзгерту рәсіміне Шешен Республиуасының президенті Рамазан Қадыров пен Ресей Федерациясындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков, Қазақстандағы «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының өкілдері мен басқалар қатысты.
Құттықтау сөзінде Р. Қадыров лицей Ресей мен Қазақстан арасындағы достықтың, тығыз ынтымақтастықтың тағы бір символы болып табылады деп атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 100 мыңға жуық шешен ұлтының өкілі тұрады, олардың 70 мыңы Қазақстан азаматтығын алған.