Бакиевтің ұшағы сағат 8-дер шамасында Таразға қонды

Бұл жөнінде ИТАР-ТАСС агенттігіне қырғыздың Уақытша үкіметіндегі ақпарат көздері хабарлаған.

Осыдан сәл бұрын ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев жариялаған мәлімдемеде:

«Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Барак Обаманың, Ресей президенті Дмитрий Медведевтің біріккен күш-жігері арқасында қырғыздың Уақытша үкіметімен Бакиевті елден шығарып алып кету туралы келісімге қол жеткізілді», – деп жазылған болатын.