Қазақстан Сыртқы істер министрлігі халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко Құрманбек Бакиевтің ұшағының Тараздың әуежайына келіп қонғанын толық растады.
Ол сонымен бірге Құрманбек Бакиевтің Қырғызстаннан ұшып кетуі – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, АҚШ президенті Барак Обаманың, Ресей президенті Дмитрий Медведевтің күш-жігерінің нәтижесінде, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Еуропа Одағының және БҰҰ-ның белсенді арағайын болуының арқасында мүмкін болғанын мәлімдеді.
Бірақ Роман Василенко Құрманбек Бакиевтің кейінгі тағдыры немесе жоспары туралы өзге мәлімет бере алмады.