Пәкістанда жанпидашыл-содыр ауруханаға шабуыл жасады

Жұма күні таңертең Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласындағы ауруханада болған жарылыстан кем дегенде 4 адам қаза тауып, 10-нан астам кісі жараланды.

Жанпидашыл-содыр шийт мұсылмандары одан бірнеше сағат бұрын ғана оққа ұшып өлген туыстарын жоқтап тұрған кезде шабуыл жасады.

Полиция қастандықты тергеуге кірісті. Жорамал бойынша, бұл қастандық діниаралық араздықтан шыққан сияқты.