Аты-жөнін атамаған жоғары лауазымды Қырғызстан дипломатының Азаттық Радиосына берген түсініктемесіне қарағанда, экс-президент Құрманбек Бакиев 7 сәуірде-ақ Қазақстанды паналамақ болыпты. Бұл қауіпсіздік күштерінің жаудырған оғынан Бішкектегі толқуға қатысқан 10-даған адам қаза болған халық толқуының бірінші күні болатын.
Дипломаттың айтуынша, Бакиевтің ұшағы Алматы әуежайына қонуға рұқсат ала алмай, Боралдайдағы әскери әуежайға бағытталды. Президент ұшағы Боралдайға қонғанымен, Қ.Бакиевтің жерге түсуіне Қазақстан билігі рұқсат бермеген, ұшаққа тепкішек берілмеген.
Одан кейін, Азаттықтың ақпарат көзінің мәліметі бойынша, Бакиевтің ұшағы Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалалабад қаласына қарай ұшып кетті.
Қ.Бакиев – АҚШ, Ресей және Қазақстан президенттерінің күш-жігерімен және Қырғызстанның уақытша үкіметінің келісімен 15 сәуір күні Қазақстанға қайта барды. Оның Қырғызстаннан кетуіне елдің оңтүстігіндегі ахуалдың ушығуы себеп болды.