Пәкістан ауруханасында қастандықтан 8 адам өлді

Жұма күні таңертең Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласындағы ауруханада болған жарылыстан кем дегенде 8 адам қаза тауып, 10-нан астам кісі жараланды. Қаза тапқандардың ішінде тележурналист пен 2 полицей болды

Жанпидашыл-содыр шийт мұсылмандары одан бірнеше сағат бұрын ғана оққа ұшып өлген туыстарын жоқтап тұрған кезде шабуыл жасады.

Полиция қастандықты тергеуге кірісті. Жорамал бойынша, бұл қастандық діниаралық араздықтан шыққан сияқты.