Ванкуверде қаза тапқан шанашының отбасына 10 мың доллар берілді

Ванкувердің кәсіпкерлік топ жетекшілері осы жылғы олимпиада ойындарының бірінші күнінде қаза тапқан Грузияның шанашысы Нодар Кумариташвилидің отбасына 10 мың доллар ақша берді.

21 жастағы Кумариташвили ақпанның 12-сі күні жаттығу алаңында шанасын басқара алмай, бөренеге соғылып қаза болған. Оның отбасына қайырымдылық көмекті жұма күні Ванкувердің Сауда палатасы жолдады.

Халықаралық олимпиада комитеті дүйсенбі күні Кумариташвилидің өліміне қатысты Халықаралық шана спорты федерациясының ресми мәлімдемесін жариялайды.