Пәкістан президенті билік құзіретін шектеді

Бүгін, сәуірдің 19-ы Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари жаңа толықтырулар мен өзгерістер енгізілген елдің Конституцисына қол қоюды жоспарлап отыр. Оған сәйкес, Пәкістан президенті парламентті тарату мен елдің премьер-министрін қызметінен алу құқығынан айырылады.

Жаңа өзгерістер мемлекет басшысының билігін әлсіретеді. Өз кезінде, әскери диктаторлар Зия-ул Хақ пен Первез Мушарраф президент билігін барынша күшейтіп баққан болатын.