Пәкістанда НАТО көліктеріне шабуыл жасалды

Пәкістанның солтүстік-батысында Ауғанстандағы НАТО күштеріне отын тасымалдайтын екі танкер жарылды. Хайбер әкімшілігі ресмилерінің мәлімдеуінше, дүйсенбі күнгі жарылыстан 6 адам жарақат алды.

Бұл жарылысқа байланысты жауапкершікті ешкім өз мойнына алмады бірақ бұдан бұрын НАТО көліктеріне жасалған шабуылдарды Талибанмен байланысы бар "Лашкар-е-Ислам" немесе "Ислам армиясы" тобы ұйымдастырған болатын.