Маусым айында Польша жаңа президентін сайламақ

Польша президентінің міндетін уақытша атқарушы Бронислав Коморовский маусымның 20-сында ел президентін сайлау күні өтетіндігін мәлімдеді.

Бүгін журналистерге арналған баспасөз маслихатында Коморовскийдің баспасөз хатшысы, сәрсенбі күні таңертең Бронислав Коморовский кезектен тыс сайлау өткізу туралы барлық құжаттарға қол қойғандығын хабарлады.

Польшаның соңғы президенті Лех Качинский 10 сәуір күні Смоленск маңында ұшақ апатында қаза болған.