Алматыда MGN Group-тың бұрынғы директоры ұсталды

MGN Group компаниясының бұрынғы директоры Евгений Гуревич Алматыда ұсталды деп хабарланды. Қырғызстанның уақытша үкіметі Гуревичті ірі қаржылық алаяқтық жасады деп айыптап отыр.

Бірқатар агенттіктердің хабарлауынша, қазір АҚШ азаматы Гуревичті Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.