Грекияда мемлекеттік сектордың ереуілі басталды

Бүгін, Грекияның мемлекеттік сектор қызметкерлерінің 24 сағаттық кезекті ереуілі басталды. Бұл шара - үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан үнемдеу шараларына наразылықтың бір түрі.

Жыл басынан бері төртінші рет ұйымдастырылған наразылық шарасына мемлекеттік қызметкелер, кеден және салық инспекцияларының қызметкерлері, дәрігерлер, мектеп және институт оқытушылары қатысуда.