Бағдадта тағы жарылыс

Ирақ астанасында болған бірнеше көлік жарылысы ондаған адамның өмірін қиды. Бағдадтағы шабуылдардан нақты қанша адамның құрбан болғандығы әзірше белгісіз. Бірақ ресми мәлімет көздерінің айтуынша, кемінде 25 адам опат болып, 100-ден аса адам жараланған. Бомбалар жұма күні шииттердің мешіттері мен базарда жарылды деп хабарланып отыр.

Соңғы күндері Ирақтағы халықаралық қауіпсіздік күштері "Әл-Қаиданың" бірнеше қолбасшысын өлтірген болатын.