Бағдадтағы жарылыстардан ондаған адам мерт болды

Ирақ астанасындағы бірқатар көлік жарылыстарынан кемінде 50 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланды. Бомбалар жұма күні Бағдадтағы шииттердің мешіттері мен базарда жарылды деп хабарланып отыр.

Соңғы күндері Ирақта қауіпсіздік күштері "Әл-Қаиданың" бірнеше қолбасшысын өлтірген болатын.