Ауғанстанда тайпа жетекшісі оққа ұшты

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар өлкесінде тайпа жетекшісі өлтірілді деп хабарланды. Жергілікті ресми өкілдердің мәлімдеуінше, Хажи Абдул Рахманды сәрсенбі күні Арғандаб ауданында белгісіз адамдар атып кеткен. Рахманды Талибан бүлікшілері өлтірген болуы мүмкін дейді Арғандаб ауданының әкімі.